Ақмола облысында отбасылар референдумда белсенді дауыс беруде
Ақмола облысында өтіп жатқан референдум барысында өңір тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне отбасыларымен бірге келуде. Бұл – елдің болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың жауапкершілігі мен бірлігінің айқын көрінісі. Солардың бірі – Қосшы қаласының тұрғыны, «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының жеңімпазы, үлгілі әрі көп балалы Қазанғаповтар әулеті. Отбасы отағасы Ыбырай Қазанғапов жанұясымен бірге референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Отбасы мүшелері елдің ертеңіне немқұрайлы қарамайтынын және әр азаматтың азаматтық ұстанымы маңызды екенін атап өтті. Олардың айтуынша, Отанға деген сүйіспеншілік пен қоғамдық өмірге белсенді араласу – өскелең ұрпаққа көрсетілетін ең үлкен үлгінің бірі. «Мемлекеттің іргетасы – отбасы. Біз бүгін еліміздің жарқын…
