ЭКСПРОМТ-кездесуде АЭС маңызы түсіндірілді
Кездесуде штаб мүшелері атом энергетикасының әлемдегі ахуалы жайлы атап өтті. АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық және қалалық Халықтық штаб мүшелері «Small» сауда үйінде ЭКСПРОМТ-кездесу өткізді. Кездесуде штаб мүшелері атом энергетикасының әлемдегі ахуалы жайлы атап өтті. Себебі, Еуропа, Ресей мен АҚШ, Қытай елдері атом реакторларын, атом станцияларын салу ісіне білек сыбана кірісіп, келешекте энергия тапшылығының алдын алуға жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Тариф вендорлармен келіссөздер…
