Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша қойған міндеттері шеңберінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесі бойынша кеңес өткізді. Онда Денсаулық сақтау министрлігінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін жетілдіруге және цифрлық трансформациясына қатысты тәсілдері қаралды. Халыққа МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды. Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен шамамен 17 млн адам қамтылған, оның 12 млн-ға жуығы жеңілдікке ие санаттарға жатады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС қаражатының жиынтық көлемі 6 жыл ішінде 6,8 трлн теңгеден асқанын баяндады, оның 2 трлн теңгесі – азаматтардың жеңілдікке ие санаттары үшін берілген…
