Жақын адамыңыз алаяқтардың арбауына түсіп қалды: не істеу қажет
Бүгінгі күні екі адамның бірі алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шегіп жатыр. Мұндай жағдайда адам қаскүнемдердің торына түсіп қалғанын бірден түсіне бермейді. Егер де сіз жақын адамыңыз олардың әсеріне түсіп қалғанын байқасаңыз, асқан сақтықпен қимылдаңыз. Бұл жерде тек жалаң фактілер ғана емес, сондай-ақ сенім, эмоция және дұрыс ден қоя білу маңызды. Алаяқтар адамдарды қалайша тартады Схемалардың барлығы дерлік үш негізгі элементке негізделген: эмоциялар, жеделдік және сенім. Бұл іс жүзінде қалай болатынын талдайық. 1-сценарий. «Сіз өз ақшаңызды қорғап қаласыз» Айнұрға күндіз бейтаныс нөмірден қоңырау шалынды. Ер адам өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырды, ол аты-жөнін атап, сабырлы дауыспен: «Біз ақшаны шығару әрекетін тіркедік.…
