Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум қарсаңында қоғамда қолайлы көңіл-күй сақталып отыр. 18 жастан асқан 1 200 респонденттің қатысуымен жүргізілген телефондық сауалнама нәтижелері осындай қоғамдық көңіл-күйді айқын көрсетті. Зерттеу еліміздің 20 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласын толық қамтыды. Сауалнама нәтижелері халықтың хабардарлық деңгейі айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді: азаматтардың басым бөлігі жоба мазмұнымен белгілі бір деңгейде таныс немесе ол туралы естіген. Сұралғандардың 22,5%-ы жаңа Конституциямен таныс емес екенін айтқан. Конституция жобасы халық тарапынан елеулі қолдауға ие екені байқалады. Жалпы алғанда Конституциямен қандай да бір деңгейде таныс респонденттердің 78,8%-ы құжатты қолдайды, оның ішінде 31,7%-ы толық қолдайтынын білдірсе, 47,1%-ы…
