Марат Ахметжанов рекордтық егін мен агроөнеркәсіптік кластер құру жоспарытуралы айтып берді
Ауыл шаруашылығы - Ақмола облысы экономикасының басты тіректерінің бірі. Қазақстанның «астық қоймасы» атанған бұл өңір бүгінде өз дәстүрлі бейнесінен шығып, ауыл шаруашылығының жаңа бағыттарын белсенді дамытып келеді. Енді облыс тек егіншілікпен ғана емес, мал шаруашылығы, өнімді өңдеу, экспорт және ауылдық инфрақұрылымды жетілдіру салаларында да қарқынды өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2025 жыл өңірдің аграрлық секторы үшін елеулі жыл болғанын атап өтті. Маңызды оқиғалардың бірі – рекордтық астық жинағы: 7,6 миллион тоннадан астам өнім алынды, гектардан орташа түсім - 16,3 центнер. Жинақталған астықтың шамамен 70% жоғары сапалы болып отыр. «Жоғары көрсеткіштерге егіс алқаптарын 5,5…
