Ақмола облысы – Қазақстанның жаңа денсаулық сақтау үлгісін қалыптастырып жатқан өңір
Ақмола облысында денсаулық сақтаужүйесі жаңа сапалық деңгейге көтерілуде. Бұрынғыдай жекелеген нысандардыжөндеумен шектелмей, өңірдің барлықауданында медициналық көмектіңқолжетімділігін түбегейлі өзгертетін жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста 38 жаңа нысан - дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік пункттер салынды. Бұдан бөлек, ұлттық жоба шеңберінен тыс тағы 5 медициналық нысан пайдалануға берілді. Бұл ондаған шағын ауылдар үшін тек инфрақұрылымның жаңаруы ғана емес, тұрақты медициналық көмектің алғаш ретқолжетімді болуы дегенді білдіреді. Енді 130 мыңнан астам ақмолалық өз ауылындадәрігерге қарала алады, аудан орталығынақатынаудың қажеті жоқ. Өңірдің медициналық келбетін түбегейліөзгертетін ең ірі жоба -Көкшетаудағыкөпсалалы аурухана құрылысы. Қуаттылығы630 төсек-орын болатын бұл…
