Кенесары ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды: тұрғындар бұл сәтті 30 жыл күтті
Бурабай ауданының Кенесары ауылында 120 орындық жаңа Мәдениет үйі ашылды. Бұл оқиға ауыл тұрғындары үшін ерекше мәнге ие болды – мәдениет ошағының салынуын олар шамамен 30 жыл бойы күткен еді. Ғимарат ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында салынды. Заман талабына сай жабдықталған нысанда концерттер, репетициялар мен үйірме сабақтарын өткізуге барлық жағдай жасалған. Бүгінде үйірмелерде 400-ге жуық бала мен ересектер айналысып жүр. «Мәдениет үйі – жай ғана ғимарат емес, бұл ауылдың жүрегі. Мұнда рухани өмір қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы жалғасады және әр адам өз қабілетін таныта алады», – деді облыс әкімі. Алғашқы күндерден бастап орталықта республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп келеді.…
