Солтүстікке соққан жел
Қазақстан биылдыққа дипломатия пазлын құрап бітті «Көршімен татудың көңілі тыныш» дейді халқымыз. Бұл нақыл бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастың дәл айнасы іспетті. Екі елдің байланысы жай ғана ресми әріптестік емес, ғасырлардан тамыр тартқан достық пен сенімге құрылған стратегиялық серіктестік. Қазір дүние дүрбелең, геосаяси ахуал күрделі. Осындай алмағайып кезеңде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара түсіністік пен сындарлы диалогтың сақталуы – тұтас өңірдің тұрақтылығы үшін маңызды тірек, көпке үлгі боларлық құбылыс. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізіліп, Путинмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды. Сапар аясында екі ел Президенттері Орал қаласында өтіп жатқан…
