Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді
2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты. Кездесу барысында волонтерлік сектордың жаңа Конституцияны талқылауға қатысуы, үкіметтік емес ұйымдардың халықты ақпараттандырудағы рөлі, қоғамдық диалогты дамыту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Ким Вера Александровна Конституция жобасын әзірлеуге азаматтық қоғамның қатысуының маңызын және Конституциялық комиссия жұмысының ашықтығын атап өтті. «Конституция қоғаммен диалог негізінде қалыптасуда,…
