Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі ашылды
Көкшетауда әдеп жөніндегі уәкілдер мен комплаенс-қызметтердің мамандарына арналған алғашқы оқыту семинары өтті. **«Esti Urpaq – Саналы ұрпақ»** жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың 200-ден астам өкілі қатысты. Семинар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту арқылы қоғамда **«Заң мен тәртіп»** қағидатын орнықтыруға бағытталды. Семинардың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жетілдіру, комплаенс жүйесін дамыту және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы **Нұрқат Батырқұлов** комплаенс-қызметтердің тиімділігі мамандардың кәсіби даярлығына тікелей байланысты екенін атап өтті. – Әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі міндеті – құқық бұзушылықтарды анықтаумен…
