«Заң мен тәртіп»: азаматтарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшіні суретке немесе бейнетаспаға түсіруге бола ма?
Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығы – қазіргі мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі. Осыған байланысты азаматтар арасында мемлекеттік қызметшіні жеке қабылдау барысында суретке немесе бейнетаспаға түсіруге бола ма деген сұрақ жиі туындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметі ашықтық және ақпаратқа қолжетімділік қағидаттарына негізделеді. Мемлекеттік қызметші заңмен қорғалатын мәліметтерді қоспағанда, өзінің қызметтік өкілеттіктері шегінде қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдау кезінде фото және бейнетүсірілім жүргізу барысында дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптары мен қабылдауға қатысушылардың құқықтары сақталуы тиіс. Егер қабылдау бөлмесінде басқа азаматтар болса, олардың бейнесі, жеке деректері немесе өтінішінің мазмұны заңда көзделген негіздерсіз…
