Әр адамның арманы – еліміздің ертеңі
Бірақ арман қалай туады? Оны жоғарыдан таңып бере алмайсыз. Оны тек ести білу керек. Бүгін Қазақстанда осы идеяны шындыққа айналдыратын «Qazaq Dream» қысқаметражды фильмдер мен әдеби эссе шығармашылық байқауы басталды. 2026 жылғы 15 маусым мен 31 тамыз аралығында еліміздің кез келген азаматы «Сен қандай Қазақстанды армандайсың?» деген бір ғана сұраққа жауап ретінде қысқаметражды фильмін (ұзақтығы 3 минутқа дейін) немесе эссесін (А4 форматындағы 1-3 бет көлемінде) ұсына алады. Байқауға қатысушылар жұмысын қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жолдауына болады. Осылайша Қазақстан алғаш рет жалпыұлттық арман фестивалін ұйымдастырып, әрбір азаматты елдің болашағын бірге суреттеуге шақырып отыр. Іріктеу комиссиясы ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалайды,…
