Дина Акишева

1475 Posts

Теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі — Конституциялық комиссия

Теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 9-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. — Өткен отырыста әріптестеріміз бірнеше ұсыныс енгізді. Олар өте маңызды және көптеген елде конституциялық құқықтық реттеудің нысанасына жатады. Осыған байланысты жобада аталған жаңалықтарды бекітетін нормалар қосымша қарастырылып отыр. Мысалы, теңгені ұлттық валюта ретінде конституциялық тұрғыда бекіту туралы ұсынысты іске асыру мақсатында 2-бап 6-тармақпен толықтырылды. Аталған тармаққа сәйкес, «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, ақша бірлігі — теңге. Теңгені эмиссиялаудың айырықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі, — деді ол. ℹ️ @qazaqparat_kz
Подробнее

Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылған – Конституциялық комиссия

Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті. - Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалған. Білімнің зайырлы болуы көпконфессиялы қоғам үшін жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл тұжырым қоғамдағы отбасы институтының маңызын көрсетеді. Сондықтан…
Подробнее

Аида Балаева ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайтынын атап өтті

— Мына нәрсені айқын түсінуіміз керек: «тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ — «азаматтар ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты. Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді. Расында, аталған қызметтер ешқашан өздігінен тегін болған жоқ, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді. Осыған байланысты айтылып жүрген кез келген пайымның ешқандай негізі жоқ. Мемлекеттік бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бағытталғанын да өздеріңіз жақсы білесіздер. Осы орайда, құжаттың 32 және 33-баптарында азаматтарымыз үшін ақысыз негізде медициналық көмек пен бастауыш және орта білім алу құқықтарының бекітілуі — шын мәнінде жоғарыда аталған адами капиталды дамытудың негізі…
Подробнее

Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді — Аида Балаева

  Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді — Аида Балаева 💼— Мемлекеттік бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті. — Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси реформаларының арқасында әділетті әрі ашық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Расында, азаматтардың Ата Заңның әрбір жолына үңіліп, оның мазмұны мен болашақтағы ықпалын терең пайымдауы — қоғамның саяси мәдениетінің кемелденгенін және азаматтық жауапкершіліктің артқанын аңғартады. Бұл мәселеде қолдау да, үміт те бар. Әрине, алаңдаушылық пен сын да жоқ емес.…
Подробнее

Азаматтардың кейбір ұсыныстарын Конституция жобасына қосуға болады

▪️Азаматтардың кейбір ұсыныстарын Конституция жобасына қосуға болады — Бақыт Нұрмұханов ✔️— Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі мәтіні бойынша атқарылып жатқан жұмыс оның орыс тіліндегі мәтініне елеулі және оң ықпал етіп отыр. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 9-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. — Жаңа Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап Конституциялық комиссияға түрлі арналар арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Азаматтар, ғылыми қауымдастық өкілдері, құқықтанушылар мен үкіметтік емес ұйымдар конституциялық ережелерге айрықша көңіл бөліп отыр. Олар болашақ Конституция жобасына бүкілхалықтық талқылау аясында жоғары белсенділік танытып отыр. Конституциялық комиссия әрбір ұсынысты, пікір мен ескертуді мұқият зерделеуде. Талдау нәтижелері көрсеткендей,…
Подробнее

«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекітуді ұсынылды

Волонтерлікті ынталандыруды конституциялық деңгейде бекітуді ұсынды Қазақстандық волонтерлік қозғалыс мүшелері жаңа Конституцияда мәртебелерін бекітуді ұсынды Еріктілер жаңа Конституцияға ұсыныс жасады:  Табиғатты қорғау – стратегиялық бағыт Жаңа Конституцияға волонтерлік пен экологиялық мәдениет ұғымдарын енгізуді ұсынды Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБжетекшісі Вера Ким Қазақстанда конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді. ​Вера Ким Мемлекет басшысының еріктілерқозғалысына тұрақты түрде қолдау көрсететінін еске салды. Ағымдағы жылдың 30 қаңтарындаауқымды көлемде өткен Еріктілер форумы осының жарқын дәлелі болды. «Жаңа Конституция жобасына ұсыныстаржинау жарияланған сәттен бастап мағанволонтерлік ұйымдар…
Подробнее

В Казахстане предлагают закрепить в Конституции понятие «волонтерство»

В Казахстане предлагают закрепить в Конституции понятие «волонтерство» Закрепить поощрение волонтерства в новой Конституции предложили в Казахстане Члены казахстанского волонтерского движения попросили закрепить свой статус в новой Конституции РК Забота о природе как стратегическое направление: волонтеры дали свои предложения в новую Конституцию РК Новый статус волонтерства и развитие экологической культуры предлагают закрепить в новой Конституции РК Руководитель Национальной сети волонтерства предложила закрепить поощрение волонтерства в новой Конституции В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С таким предложением выступила депутат Мажилиса, руководитель ОЮЛ «Национальная волонтерская сеть» Вера Ким на девятом заседании Комиссии по Конституционной реформе. Вера Ким напомнила о…
Подробнее

Новая Конституция — важный шаг в развитии страны

Конституционная реформа - это важный шаг в развитии любой страны, и для Казахстана этот процесс играет ключевую роль в укреплении правового государства и укреплении социальной ответственности граждан. Как тренер-преподаватель, я могу сказать, что вопросы, касающиеся изменений в Конституции, непосредственно влияют на воспитание гражданской ответственности у молодежи, в том числе среди спортсменов. Спортивная этика, дисциплина и уважение к законам государства — это те ценности, которые тренеры должны прививать своим воспитанникам. Конституционная реформа, направленная на усиление прав и свобод граждан, должна быть понята и принята как основа для формирования правового сознания и ответственности у подрастающего поколения. Кроме того, важно отметить, что спортивные…
Подробнее

Жаңа Конституция жобасы — елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам

  Бүгінгі таңда жаңа Конституция жобасы — елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам. Бұл құжатта жастар саясаты тек әлеуметтік бағыт емес, мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде қарастырылуы тиіс. «Жастар рухы» жастар қанаты жастардың даусын еститін, олардың мүддесін қорғайтын ашық әрі әділетті қоғамды қолдайды. Жаңа конституциялық қағидаттар жас ұрпаққа сапалы білім алуға, еңбек етуге, кәсіп бастауға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға нақты мүмкіндіктер ашуы қажет. Біздің ұстанымымыз айқын: жастар — ел дамуының қозғаушы күші. Сондықтан мемлекет жастардың бастамаларын қолдап, олардың жауапты азамат ретінде қалыптасуына жағдай жасауы тиіс. Бұл — тұрақты даму мен қоғамдық келісімнің берік негізі. Жастарға сенім артылған жерде — болашақ бар.…
Подробнее

Жаңа Конституция жобасы талқыланды

  Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті. Жиынға еліміздің белгілі қаламгерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Атап айтқанда, талқылауға Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым және Анар Фазылжан қатысып, жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық негіздері мен оның қоғамдық маңызы жөнінде өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Кездесудің басты мақсаты – ел тағдырын айқындайтын маңызды құқықтық құжатқа қатысты шығармашылық зиялы қауымның ұстанымын жүйелеп, қоғам назарына ұсыну, сондай-ақ жаңа Конституция жобасын…
Подробнее