Жарқайың ауданында дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі қалай шешілуде?
Жарқайың ауданының денсаулық сақтау жүйесі бүгінгі таңда тұрақты даму үстінде. Ауданда 1 аудандық аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық пункт және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істеп тұр. Бұл медициналық мекемелер аудан тұрғындарына қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын, бұл туралы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Исмаилов брифингте баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, Жарқайың ауданында медициналық инфрақұрылым нығайып келеді. Қазіргі уақытта аудан бойынша 300-ге жуық дәрігер мен медициналық қызметкер еңбек етеді. Бұл ауданның денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткенін көрсетеді. Дегенмен, маман тапшылығы мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта Жарқайың ауданында 9 дәрігер маманы…