Ақкөлдік сайлаушылар «Тілек ағашына» армандарын жазуда
Құрылтай депутаттарын сайлау күні Ақкөл қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде ерекше әрі әсерлі акция ұйымдастырылды. Мұнда тұрғындар тек өз таңдауын жасап қана қоймай, символикалық «Тілек ағашына» өз арманы мен ақ тілегін қалдыра алады, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы. Таңертеңнен бері сайлаушылар өз тілектері мен жүрекжарды сөздерін түрлі түсті қағаздарға жазып, ағаштың бұтақтарына іліп жатыр. Дауыс беру басталғанына небәрі бір сағаттан астам уақыт өтсе де, ағаш тұрғындардың ізгі тілектеріне толып, бірте-бірте құлпыра түсті. Акцияға әртүрлі жастағы және түрлі мамандық иелері белсенді қатысуда. Олардың қатарында жастар мен аға буын өкілдері, кәсіпкерлер, түрлі саланың мамандары және қоғам белсенділері бар. Әркімнің тілегі әртүрлі…
