Құрылтай сайлауы туралы барлық ақпарат бір сайтта: Абай Сейфулла «Құрылтай LIVE» платформасын іске қосты
Белгілі журналист Абай Сейфулла пікірлес командасымен бірге жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауына арналған бірыңғай ақпараттық ресурсты іске қосты. Қазақстанда Құрылтай сайлауы туралы ақпараттық ресурс іске қосылды. Бұл туралы белгілі журналист Абай Сейфулла әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады (https://www.facebook.com/share/p/1FjN3Ydhs5/?mibextid=wwXIfr): «Құрылтай сайлауы қарсаңында журналист әрі ақпарат саласының өкілі ретінде мен де ортақ іске өз үлесімді қосып, азаматтарға қажетті ақпаратты барынша түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынғым келді. Бір топ пікірлес азаматпен бірге сайлауға қатысты барлық маңызды ақпарат жинақталған «Құрылтай LIVE» платформасын іске қостық. Осы жоба арқылы Құрылтай сайлауын еліміздің әрбір азаматына жақын әрі түсінікті еткіміз келеді». «Құрылтай LIVE» платформасының басты ерекшелігі – онда…
