Қазақстандағы радиациялық фон: 2026 жылғы өлшеулер нені көрсетті — маман түсіндірді
Радиациялық жағдай тұрақты бақылауда. 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы гамма-сәулелену дозасының орташа қуаты сағатына 0,13 микрозивертті құрады, ал бақылау деңгейі сағатына 0,57 микрозиверт белгіленген, деп хабарлайды DKNews.kz. Атом электр станциясы салынатын аумақта радиациялық мониторингтің қалай жүргізілетіні және оның неге станция іске қосылғанға дейін басталатыны туралы Мади Нұрбекұлы Азбергенов, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Энергетика тобының жетекші инженері айтып берді. 0,13 және 0,57 микрозиверт: айырмашылық 4,4 есе «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында ел бойынша гамма-сәулелену дозасының орташа қуаты сағатына 0,13 микрозиверт болған. Бақылау деңгейі сағатына 0,57 микрозиверт. Демек, орташа республикалық көрсеткіш одан шамамен 4,4 есе төмен. Бірақ ел…
