Үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалар байқауына 1000-нан астам өтінім түсті: онлайн дауыс беру басталды
Қазақстанда «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауына қатысу үшін өтінім қабылдау кезеңі аяқталды. Елдің барлық өңірінен барлығы 1041 өтінім келіп түсті: бұл – кәсіби қауымдастықтың байқауға зор қызығушылық танытқанын көрсетеді. 1 қазаннан бастап www.qamqor.enbek.kz онлайн-платформасында өңірлік іріктеуден өткен үміткерлерге арналған халықтық онлайн дауыс беру кезеңі басталды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамашы болған бұл конкурс әлеуметтік сала мамандарының белсенділігін және инновациялық бастамаларын анықтап, көтермелеуді, сондай-ақ олардың кәсіби беделін арттыруды мақсат етеді. Әлеуметтік қызметкер мамандығы – қоғамдағы ең ізгі әрі маңызы зор мамандықтардың бірі. Бұл сала мамандары күн сайын өмірдің қиын жағдайына тап…
