Өрт қауіпсіздігі айлығы: облыста сақтық шаралары жалғасуда
Облыста тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтіп, қыс мезгілінде болатын өрттің алдын алу үшін ауқымды шара жүргізілуде. Өңірде 28 мыңнан астам үй тексеріліп, 900-ге жуық түтін мен улы газға қарсы датчик орнатылды. Бұл туралы Ақмола облысы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Досбол Жақсыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Құтқарушылардың айтуынша, өткен жылыту маусымында облыста 328 өрт тіркелген. Соның салдарынан 16 адам көз жұмып, 5 адам жарақат алған. Ал 10 адам дер кезінде құтқарылған. Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін мамандар халыққа пештер мен электр сымдарын алдын ала тексеріп алуды ескертті. «Біз 28 мыңға жуық үйді аралап шықтық. Әсіресе әлеуметтік жағынан осал отбасыларға ерекше…
