Ақмола облысында өрт маусымы басталғалы бері бірде-бір орман немесе дала өрті тіркелген жоқ

Өңірде өрт қауіпті кезең ресми түрде басталып, қазіргі таңда бір миллион гектардан астам орман қоры құтқарушылардың бақылауында. Бүгінде жағдай толық бақылауда ұсталып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Досбол Жақсыбаев пен Көкшетау авиациялық бөлімшесінің басшысы Ренат Умаров мәлімдеді.

Маусым басталғалы бері облыста орман және дала өрттеріне жол берілген жоқ. Мұндай нәтижеге ауқымды профилактикалық жұмыстардың арқасында қол жеткізілді: мобильді топтар 20-дан астам рейд өткізіп, нәтижесінде 19 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Табиғи өрттердің алдын алу және жедел әрекет ету үшін 276 техника дайындалып, 111 мобильді топ құрылды. Біз құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтау үшін күшейтілген жұмыс режиміне көштік», — деді Досбол Жақсыбаев.

Өртпен күресте авиация мен заманауи технологиялардың рөлі ерекше. Құтқарушылар қолжетімсіз аумақтардағы өрт ошақтарын анықтау үшін ғарыштық мониторинг пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануда.

«Өрттерді дер кезінде анықтап, жедел оқшаулау үшін барлық әуе бақылау құралдарын пайдаланамыз. Біздің міндет — өрт ошағын алғашқы минуттарда анықтап, оның орман алқаптарына таралуына жол бермеу», — деді Ренат Умаров.

Мамыр айында өңірде «Өрт-2026» атты ауқымды командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді. Онда азаматтық қорғаныс күштері ірі өрттерді жою сценарийлерін пысықтайды.

Кездесу соңында тұрғындар жауапкершілікке шақырылды: орманда от жағуға және шыны қалдықтарын қалдыруға тыйым салынады, себебі олар күн сәулесін шағылыстырып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Ал ауыл шаруашылығы өкілдеріне алқаптарды міндетті түрде жыртып, өрттің алдын алу қажеттігі ескертілді. Кез келген түтін байқалған жағдайда тұрғындардан 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарласу сұралады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться