Жаңа Конституция жобасында денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінгенін атап өткім келеді. Азаматтардың денсаулығын қорғау — мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде айқындалуы қоғам үшін аса маңызды.
Жоба аясында сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру, профилактикаға басымдық беру және медициналық қызметтің әділ әрі тең түрде көрсетілуі басты бағыттардың бірі болып отыр. Бұл — дәрігерлер үшін де, пациенттер үшін де үлкен жауапкершілік пен сенім.
Денсаулық сақтау жүйесін дамыту — тек медицина қызметкерлерінің емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Жаңа Конституция жобасы осы бағыттағы әлеуметтік кепілдіктерді нығайтып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға берік негіз қалайды.
Біздің басты мақсатымыз — әрбір азаматтың денсаулығын қорғау, уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету. Осы жолда қабылданатын маңызды шешімдер ел болашағы үшін қызмет ететініне сенімдімін.
Нүргүл Қуатова,
Біржан сал ауданы мәслихатының депутаты.
