Зерендідегі жазғы лагерьде балаларға есірткі мен интернет-алаяқтықтың қаупі түсіндірілді

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Сұңқар» жазғы сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз демалыс» республикалық акциясы аясында профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды түрлі қауіп-қатерден сақтандыру.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу мәселесіне ерекше тоқталды. Жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткінің заңсыз айналымына тарту тәсілдері түсіндіріліп, есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе таратуға қатысқаны үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылық туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сондай-ақ киберполиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталып, балаларға дропперлердің кім екенін түсіндірді. Мамандар банк карталары мен жеке деректерді бөтен адамдарға бермеудің маңызын айтып, күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырды.

Іс-шараға Ақмола облысы Полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Есбол Қоры» фронт-офисінің басшысы Даниял Жағыпар қатысты. Ол оқушыларды фронт-офистің қызметімен таныстырып, жастарға арналған жобалар мен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

#ЗаңменТәртіп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться