
Зеренді ауданы прокуратурасының үйлестіруімен ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жұмыс кеңесі өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімдігі, полиция бөлімі, «Зеренді ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, Мемлекеттік кірістер басқармасы, ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының өкілдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен ветеринариялық дәрігерлер қатысты.
Кеңес барысында тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын анықтау және оларды есепке қою жұмыстарын жандандыру мәселелері талқыланды. Осы бағыттағы бірлескен іс-қимыл тетіктері қарастырылып, ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын күшейту, мал басын толық тіркеуді қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, ауылдық округтерге шығу кестелері бекітіліп, бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді.
Ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы
