🏥 Елімізде медициналық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Ауруханалар, емханалар мен фельдшерлік-акушерлік пунктілер салынып, жаңартылып жатыр. Соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, олардың қатарында Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталық пен Шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматыдағы Инфекциялық аурулар орталығы бар.
📍 Биыл жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында көпбейінді аурухананың, Өскемен қаласында Гематология орталығының және Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында жедел жәрдем стансасының құрылысын аяқтау жоспарланған.
🏗 Бұдан бөлек, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында бүгінде 601 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынды. Биыл тағы 54 нысан құрылысын аяқтау жоспарланған.
⚒️ Сонымен қатар 32 аудандық аурухананы көпбейінді орталық аудандық аурухана деңгейіне дейін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде Ұлттық жоба басталғалы Қарағанды облысының Теміртау және Балқаш қалаларындағы, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы орталық ауруханалар, Абай облысының Үржар аудандық орталық ауруханасы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Шу, Меркі және Талас аудандық орталық ауруханалары мен Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандық орталық ауруханасы – барлығы сегіз аурухана көпбейінді етіп қайта ұйымдастырылды.
✅ Қаңтар-қазан айлары аралығында денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жоспардағы 241 млрд теңгенің 214,8 млрд теңгесін немесе 89%-ын құрады.
➖
За три года построено более 600 медицинских объектов
🏥 В стране активно развивается медицинская инфраструктура – строятся и обновляются больницы, поликлиники и ФАПы. За последние три года введено в эксплуатацию 633 объекта здравоохранения, среди них – Национальный онкологический центр и Центр экстренной медицины в Астане, а также Центр инфекционных болезней в Алматы.
📍 До конца текущего года планируется завершение строительства многопрофильной больницы в г. Риддере и Центра гематологии в г. Усть-Каменогорске, а также станции скорой помощи в г. Актау.
🏗 Кроме того, продолжается реализация Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», в рамках которого уже построен 601 объект ПМСП. В текущем году планируется завершить еще 54 объекта.
⚒️ Также продолжается модернизация 32 районных больниц до уровня многопрофильных центральных районных больниц, в том числе с начала реализации Национального проекта преобразованы в многопрофильные восемь больниц – в г. Темиртау, г. Балхаше, Жанааркинская МЦРБ области Ұлытау, Урджарская МЦРБ области Абай, Шуская, Меркенская, Таласская МЦРБ Жамбылской области и Бейнеуская МЦРБ Мангистауской области.
✅ За январь-октябрь сумма инвестиций в основной капитал в сфере здравоохранения при плане 241 млрд тенге составила 214,8 млрд тенге или 89%.
📱 @KZgovernment