Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 6-10 сәуір күндері Республикалықдеңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсатыхалықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру жәнедін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіружұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діниидеялардың таралуын болдырмау және діниэкстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600—ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Жаканов Сакен Багдатович – Ақмола облысы дін істері басқармасы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог-маманы, Арман Нұрахметұлы – «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық – түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы, Сақан Дастан Дарханұлы — «Qamqor-Astana» ҚҚ «Оңалту және бейімдеу» бөлімінің теологы, Қуатов Арулан Қуанышұлы – «Діңтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндірутобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында«Дін саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары», «Деструктивті діни ағымдардың адамдарды тарту (вербовка) әдістері», «Интернет кеңістігі арқылы таратылатын деструктивті діни идеологиялардың қауіптілігі», «Әлеуметтік желідегі заңсыз діни насихат жүргізудің қауіптілігі», «Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымдардың зияны», «Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет»және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік қызметкерлер, мектеп оқушылары, жұмыскерлер, медициналық персонал, қандастар, жастар және т.б. тұрғындар қамтылды.
ДиректорА. Ғұмар
Дайындаған – Ақжан Ғұмар,
қосымша ақпарат алу үшін
+77471624112 телефон нөміріне хабарласуға болады
