
Мен көпбалалы анамын. Күнделікті өмірде балаларымның тәрбиесі, білімі, денсаулығы – мен үшін ең бастысы. Сондықтан елімізде болып жатқан өзгерістерге, соның ішінде жаңа Конституция жобасына бейжай қарай алмаймын.
Бұл құжатта отбасы құндылықтарына, ана мен баланың құқықтарына ерекше мән беріліп отырғанын байқауға болады. Әр баланың қауіпсіз ортада өсіп, тең мүмкіндіктерге ие болуы – кез келген ананың арманы.
Жаңа өзгерістер халықтың үні естілетін, әділдікке негізделген қоғам құруға бағытталған деп ойлаймын. Мұның бәрі болашақта балаларымыздың еркін, саналы азамат болып қалыптасуына әсер етеді.
Балаларымыздың жарқын болашағы үшін бүгінгі қадамдар маңызды деп есептеймін.
Миргүл Аяғанова, Біржан сал ауданының Аналар кеңесінңң мүшесі
