Отан қорғаушылар күніне орай мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігімен ерекшеленген құқық қорғау және әскери бөлімдердің қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Көкшетауда Отан қорғаушылар күніне орай мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігімен ерекшеленген құқық қорғау және әскери бөлімдердің қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара аясында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің қатарына қабылдау рәсімі де ұйымдастырылды.

Жастар бірлестігінің мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу, заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бүгінде бірлестік еліміздің 20 өңірінен 8 мыңнан астам қатысушыны біріктіреді.

Аталған бастама жастар арасында азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және заңға құрметті дамытуға ықпал етеді.

#Заң мен тәртіп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться