Астанада ХҚКО-да цифрлық сауаттылыққа арналған тегін оқыту жүріп жатыр
Астанадағы ХҚКО тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту алаңы ретінде жұмыс істей бастады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Астанада азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн рәсімдеуді үйрететін және цифрлық қызметтерді қолдану қабілетін дамытуға бағытталған тегін офлайн оқытуды іске қосты. Оқыту Мемлекеттік корпорацияның «Таным» оқу орталығы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қатысуымен ұйымдастырылды және практикалық форматта өтеді. Мамандар азаматтарға «Электрондық үкімет» порталы мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының біріңғай платформасын, «ЦОН»және «eGov Mobile» қосымшаларын қалай қолдану керегін көрсетіп, қажетті қызметтерді онлайн алу жолдарын үйретеді. Оқыту бағдарламасы азаматтартарапынан жиі түсетін сұрақтар мен сұраныстарға сәйкес әзірленеді. Бұл бастама Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген цифрландыру…
