Пикниктен кейін қоқыс қалдырмаңыз: Астанада тұрғындарға ескерту жасалды
Елорданың Алматы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында саябақтар мен қоғамдық орындардағы тазалыққа бақылау күшейтілді. Кезекті профилактикалық рейд Триатлон саябағында өтіп, оған аудандық полиция қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Рейдтің басты мақсаты – тұрғындарды жазғы демалыс кезінде қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырып, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу. Мамандардың айтуынша, күн жылынып, саябақтарға келушілер көбейген тұста тазалық мәселесі де өзекті бола түседі. Әсіресе демалыс күндері тұрғындар саябақтарда отбасымен уақыт өткізіп, пикник ұйымдастырады. Алайда кей азаматтар демалыстан кейін артынан қалған қоқысты жинамай кетеді. Соның салдарынан саябақтардың жекелеген аумақтарында тұрмыстық қалдықтар көбейіп, бұл жағдай басқа тұрғындардың наразылығына себеп болады.…
