Қазақстан халқы Ассамблеясына — 30 жыл: Ақмола облысында мерейтойлық шаралар басталып кетті
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай Ақмола облысында қоғамдық келісім, бірлік пен этносаралық диалогты нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралар бағдарламасы дайындалды. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Қуаныш Шақшақовтың айтуынша, мерейтойды тойлау аясында «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты облыстық жоспар әзірленіп, бекітілген. Бұл жоспар 50-ден астам ірі іс-шараны, 11 «этнос мәдениеті күндерін» және 12 түрлі жобаны қамтиды. «Ерекше назар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен жетістіктеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияларға аударылады. Мұндай маңызды шаралардың бірі — «Ұрпақтар диалогы», 22 қаңтарда өтті. Бұл жиын…