Қорғалжын ауданында білім беру мен әлеуметтік саланы дамытуға басымдық берілуде
Қорғалжын ауданында тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі білім беру және әлеуметтік саланы дамытуға арналуда. Соңғы жылдары аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімі Алмас Алин мәлімдеді. Білім беру саласында заманауи талаптарға сай жағдай жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Мектептердің инфрақұрылымын жаңарту, оқушыларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету және білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру де күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Әлеуметтік қолдау шаралары халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Әсіресе әлеуметтік осал топтарға…
