Шағын көлемді су көлігі иелеріне судағы қауіпсіздік ережелері еске салынды
Биылғы шілде айының басынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шағын көлемді су көліктерін қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруда. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы, майор Асқар Құлбаев мәлімдеді. Аталған өзгерістерге Қазақстан Республикасының Президенті 2026 жылғы 11 маусымда қол қойған заң негіз болды. Түзетулер «Ішкі су көлігі туралы» заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге енгізілді. Жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жазатайым оқиғалардың санын азайту. «1 шілдеден бастап Төтенше жағдайлар министрлігі шағын көлемді су көліктерін қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік бақылау…
