«Реформаның экономикалық аспектілері» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті
Қаржы саласы қызметкерлерімен жаңа Конституция аясында «Реформаның экономикалық аспектілері» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Конституциялық реформалардың ел экономикасының дамуына, қаржы саласының тиімділігіне және мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға қосатын үлесін кеңінен түсіндіру болды. Кездесу қаржы саласы мамандары үшін өзекті мәселелерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналды. Кездесу барысында жаңа Конституция нормаларының елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға, бюджеттік саясаттың ашықтығын арттыруға және мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқаруға бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуы, қаржылық тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті…
