Құрылтай сайлауы жақындаған сайын Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық кеңістікте дәйексіз ақпаратты әзірлеу мен тарату әрекеттерінің жиілегенін тіркеп отыр
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сайлау кезеңі әдетте ақпараттық арандатушылықтардың көбеюімен қатар жүреді. Мұндай әрекеттердің артында қоғамдық пікірді бұрмалауға ұмтылатын ішкі саяси бәсекелестер де, сайлау процесінің беделін түсіруге, мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретуге және елде сенімсіздік ахуалын қалыптастыруға мүдделі сыртқы күштер де тұруы мүмкін. Бүгінде ашық жалған ақпараттан гөрі, сырт көзге шынайы болып көрінетін күрделі манипуляциялық тәсілдер жиі қолданылуда. Атап айтқанда, саяси партиялар мен кандидаттардың атынан ашылған жалған аккаунттар, қолдан жасалған мәлімдемелер мен жалған сауалнамалар, ресми интернет-ресурстардың сыртқы келбетін қайталайтын сайттар мен парақшалар, сондай-ақ жасанды интеллектінің көмегімен әзірленген материалдар бар. Орталық қазірдің өзінде саяси партиялардың бірінің атынан жалған парақшалар ашылған жағдайларды тіркеді.…
