«Алтын жас»: сайлау учаскелерінде аға буын өкілдеріне сыйлықтар табысталды
Ақмола облысында сайлау күні аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге бағытталған «Алтын жас» акциясы ұйымдастырылды. Сайлау учаскелеріне дауыс беруге келген қарт тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталып, олардың ел өміріне белсенді араласуына алғыс білдірілді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Акцияның басты мақсаты – өмірлік тәжірибесі мол азаматтарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы маңызды орнын атап өту және сайлау күнінің мазмұнын ізгілік пен өзара сыйластық құндылықтарымен толықтыру. Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалды қариялар сайлау учаскелеріне ертемен келіп, өз таңдауын жасады. Олардың арасында қоғамдық өмірге белсенді араласуды азаматтық парызы санайтын жандар аз емес. Әрқайсысы үшін сайлауға қатысу – ел болашағына деген көзқарасын білдірудің маңызды мүмкіндігі. «Біз…
