Қазір елімізде құрылыс саны артты
Жақын аралықта тіпті құрылыс көбеймек. Мектептер, аурухана, емхана, жол, теміржолдар салынып жатыр. Әуежайлар да бой көтеруде. Жақында ғана Арқалықта әуежай ашылды. Дәл сондай әуежай бірнеше аймақта салынып жатыр. Сонымен бірге су құбырлары, энергетика нысандары, өндіріс ошақтары да салынуда. Құрылыстың көп болғаны жақсы. Біріншіден, бұл жұмыс орны деген сөз. Құрылыс нысанын салуға сол аймақтың халқы жұмысқа тартылады. Екіншіден, өндіріс ошақтарына да тапсырыс артады. Құрылысқа қажетті тас, цемент, темір және басқаны шығару көбейеді. Ол материалды тасу үшін транспорт саласындағы мамандарға тапсырыс артады. Олар да жұмысқа ие болады. Қызмет көрсету саласының да саудасы жүреді дегендей. Жалпы ірі құрылыс нысаны тізбекті деңгейде бірнеше салаға…
