Экономика және бизнес

Инвестициялық саясат

Инвестициялық саясат

Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ деңгейін $450 млрд-қа дейін екі есе өсіруді және кемінде $150 млрд көлемінде инвестиция тартуды мақсат етіп отыр. Осы мақсатта бизнестің біртұтас экожүйесін қалыптастыратын Инвестициялық саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңартылды. Инвестициялық штаб құрылды, ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. «Инвестицияға тапсырыс беру» қағидаты енгізілді, ол бәсекелестік артықшылықтарды ескере отырып, өңірлік және салалық ұсыныстарды жасақтайды. Басым салалардағы құны $60 млн-нан асатын инвестициялық жобалар үшін қазақстандық заңнаманың 25 жыл бойы тұрақты болатынына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісім жасасу қарастырылған. 2024 жылы осындай 6 келісім, 2025 жылы тағы 21 келісім жасалды. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға ерекше көңіл…
Подробнее
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі жетекші инвестициялық бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін сақтап қала алды. ЮНКТАД деректеріне сәйкес, 2024 жылы теңізге шыға алмайтын елдерге арнап жарияланған 5 greenfield-жобаның төртеуі Қазақстанда жүзеге асты. Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі $17,2 млрд-ты құрады, 45 жаңа жоба жүзеге асырылып, 6 200 жұмыс орны ашылды. Инвестицияның негізгі бағыттары: ▫️тау-кен өндіру өнеркәсібі – $6,5 млрд, ▫️өңдеу өнеркәсібі – $2,8 млрд, ▫️сауда – $5,3 млрд, ▫️кәсіби және ғылыми қызмет – $0,9 млрд. Аса ірі инвесторлар: Ресей ($4,1 млрд), Нидерланды ($3,8 млрд), Оңтүстік Корея ($1,2 млрд), Бельгия ($1,2 млрд) және Қытай ($1,2 млрд). 2025 жылдың бірінші…
Подробнее
Авиация саласы

Авиация саласы

  Қазақстанның авиакомпанияларының әуе кемелері паркі 105 бірлікті құрайды, оның ішінде 8-і биыл пайдалануға берілген жаңа ұшақтар. Бүгінгі таңда 31 елмен 144 халықаралық бағыт бойынша аптасына 842 рейс жасалады. Салада ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Олар: ▫️ Арқалық әуежайы қалпына келтіріліп жатыр; ▫️ Алматы қаласы әуежайын дамытудың бас жоспары және $362 млн сомасындағы «TAV Airport Holding» инвестициялық бағдарламасы таныстырылды; ▫️ Астана қаласы әуежайын дамыту бойынша жалпы сомасы 547 млрд теңгеге инвестициялар туралы келісім жасалды; ▫️ «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк-жолаушылар әуежайын салу бойынша жалпы сомасы 250 млрд теңгеге инвестициялар туралы келісім жасалды; ▫️ Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз…
Подробнее
Теміржол және су көлігі

Теміржол және су көлігі

  Осы жылдың тоғыз айында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 339,4 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5 %-ға артық. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жаңарту жоспарлануда, оның ішінде бүгінде 2,8 мың шақырымнан астам жолға жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Теңіз көлігімен 2025 жылдың 9 айында 6 млн тонна жүк тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9%-ға жоғары. Қазақстандық теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар үштен біріне ұлғайып, 67,2 мың ЖФЭ-ге жетті. Маусым айында Ақтау портында контейнерлік хабтың бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді, жоба жыл соңына дейін порттың өткізу қабілетін…
Подробнее
Жол инфрақұрылымы

Жол инфрақұрылымы

  2025 жылы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен барлық санаттағы 13 мың шақырымға жуық автожолдар қамтылды, оның ішінде: ▫️ 2,2 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау; ▫️ 6,6 мың шақырым республикалық желіні күрделі және орташа жөндеу; ▫️ 4,1 мың шақырым жергілікті жолдарды жаңарту жұмыстары бар. Жыл соңына дейін 6,1 мың шақырымдық жол жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Олар – құрылыс және реконструкциялау (847 шақырым), күрделі және орташа жөндеу (2,2 мың шақырым) және жергілікті маңызы бар жолдарды (3,1 мың шақырым) жөндеу жұмыстары. Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын жаңа 10 жол учаскесінде ақылы жол енгізілді. Нәтижесінде…
Подробнее
Республика күніне орай Қазақстанда 200 ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылуда

Республика күніне орай Қазақстанда 200 ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылуда

Республика күніне орай Қазақстанда 200 ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылуда Республика күніне орай бүкіл еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға дейін 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Олардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда. 📱 @KZgovernment
Подробнее
Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемінің өсуі

Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемінің өсуі

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында өңдеуші сектордың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 34,3%-ға өсті. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға, жаңа өндіріс орындарын құруға, еңбек өнімділігін арттыруға және қазақстандық өнімнің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге тікелей әсер ететін өнеркәсіптік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге басты назар аударылады. Инвестиция тарту үшін өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар белсенді түрде дамып келеді. 2025 жылы Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жаңа арнайы экономикалық аймақ іске қосылды (барлығы 16 АЭА, 61 индустриялық аймақ, 34 шағын өнеркәсіптік аймақ). Бүгінгі таңда АЭА аумағында 532 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 85-і шетелдіктердің қатысуымен, тағы 449 жоба іске…
Подробнее
Ақмола облысы аграрлық өсімді жеделдетуде: жаңа рекордтар мен экспорттық серпін

Ақмола облысы аграрлық өсімді жеделдетуде: жаңа рекордтар мен экспорттық серпін

Ақмола облысында агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы жалғасуда. Биылғы жылдың тоғыз айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артты. Мұндай өсім егін және мал шаруашылығы, сондай-ақ өнімді қайта өңдеу мен экспорт бағыттарының қарқынды дамуының нәтижесі болып отыр. Өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 5,5 миллион гектардан асты. Оның ішінде 4,6 миллион гектардан астамы дәнді және бұршақты дақылдарға тиесілі. Сонымен қатар майлы дақылдардың, мал азығы және көкөніс алқаптарының көлемі едәуір артты. Шаруашылықтар техника паркын белсенді түрде жаңартып келеді — жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Бұл көрсеткіш егіс және жинау жұмыстарындағы…
Подробнее

Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды, одан кейін дала жұмыстары басталады

Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының барысы қаралды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша Sanaq.gov.kz платформасында 236,9 мың ауыл шаруашылығы құрылымы тіркелген. Оның ішінде 226,2 мыңы немесе Бюроның жоспарында көрсетілгендердің 85,3%-ы сауалнамадан өткен. Жалпы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің ішінде есеп бергендердің үлесі – 75,4%, ал оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғандары – 82,2%. Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, санақтың жалпы тізіміне барлық субъект, тіпті соңғы бірнеше жыл бойы еш мәлімет бермегендер де енгізілген. Мұндай кәсіпорындардың саны 13 мыңнан асады (барлық тізімнің 4,5%-ы). Жеке қосалқы шаруашылықтар арасында сауалнамаға 277,9…
Подробнее
Ақмола облысы ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр

2025 жылы Қазақстан ауқымды статистикалық науқанға – ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр. Бұл маңызды шара алдағы жылдары аграрлық саланың қалай дамитынына тікелей әсер етпек. Әсіресе, ел халқының жартысынан астамы ауыл шаруашылығымен айналысатын Ақмола облысы үшін бұл санақтың маңызы ерекше. Санақтың басты мақсаты – елдің ауылдық аймақтарында нақты не болып жатқанын шынайы әрі толық көрсету. Атап айтқанда ауылда кім қандай шаруамен айналысады, кімнің қанша жері, техникасы, малы бар, қандай мәселелері бар және мемлекеттік қолдауды кімге қалай бағыттау қажет екенін анықтау мақсатында. Бірінші кезең 2025 жылдың маусым айында басталады. Бұл кезде интервьюерлер алдын ала дайындық жүргізіп, ауыл тұрғындарымен жұмысқа кіріседі. Негізгі…
Подробнее