Экономика және бизнес

Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін

Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін

Астанадағы «Қазақстан–Финляндия» бизнес форумы аясында “TӦR`RE” компаниясы ағаш үй құрылысы мен экологиялық таза үйлер шешімдеріне маманданған фин бренді “Honka” ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат экологиялық технологияларды енгізуге, жайлы туристік инфрақұрылымды дамытуға және табиғи ортаны сақтауға бағытталған. “TӦR`RE” компаниясы Аққол қаласындағы курорттық аумақты дамытуда Жобаның алғашқы кезеңінде 4,5 млрд теңге инвестицияға Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі салынды. Келесі жоспар - 50-ден астам туристік үйдің құрылысы. «Біз тұрақты даму стандарттарын ұстанамыз және экологиялық, сапа мен технологиялық талаптарға сай келетін шешімдерді таңдаймыз. Қазір Honka технологияларын Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», — деді TӦR`RE компаниясының басқарма төрағасы Тимур Қожыбеков.
Подробнее
Экономиканың 6,3%-ға өсуі: Президент тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау және инвестиция тарту шаралары жүзеге асырылуда

Экономиканың 6,3%-ға өсуі: Президент тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау және инвестиция тарту шаралары жүзеге асырылуда

  📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тапсырмалары аясында тұрақты өсімді қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған экономиканы дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда. 2025 жылдың тоғыз айында ел экономикасының өсуі 6,3%-ды құрады. Бүгінде көлік, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салалары экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. ➖ Рост экономики на 6,3%: по поручениям Президента реализуются меры поддержки бизнеса и привлечения инвестиций 📌 В рамках данных в Послании народу поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева Правительство реализует комплекс мер по развитию экономики, направленный на обеспечение устойчивого роста, поддержку предпринимательства, а также повышение инвестиционной привлекательности. За девять месяцев 2025…
Подробнее
Макроэкономика және қаржылық тұрақтылық

Макроэкономика және қаржылық тұрақтылық

  Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсуі 6,3%-ға жетті, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 2,3 пайыздық тармаққа жоғары. Өсу қарқыны қаңтардан қыркүйекке дейін жеделдеді: қаңтарда – 3,8%, қаңтар-ақпанда – 5,4%, қаңтар-наурызда – 5,6%, қаңтар-сәуірде – 6%, қаңтар-мамырда – 6%, қаңтар-маусымда – 6,3%, қаңтар-шілдеде – 6,3% және қаңтар-тамызда 6,5% болды. Бұл өсу қарқыны экономиканы әртараптандыру және салаларды теңгерімді дамыту есебінен жүзеге асырылуда. Өсімнің негізгі драйверлері көлік және қоймалау қызметтері (+21,2%), құрылыс (+14,9%), сауда (+8,8%), тау-кен (+9,3%) және өңдеу өнеркәсібі (+6,2%) болды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің өсуі орта және ұзақмерзімді тұрақты даму үшін берік негіз қалыптастырып отыр. Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында…
Подробнее

Кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар

  Елімізде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артып келеді. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 2 174 309 кәсіпорын тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2 043 760) салыстырғанда 6,4%-ға артық. ШОБ-тың экономикадағы үлесі 38,6%-ға дейін (+0,9 пайыздық тармақ) өсті, ал өнім шығару көлемі 11,4%-ға ұлғайып, 18,7 трлн теңгені құрады. ➖ Развитие предпринимательства и инвестиции Количество действующих предприятий малого и среднего бизнеса продолжает расти. По состоянию на 1 сентября 2025 года их насчитывается 2 174 309, что на 6,4% больше, чем годом ранее (2 043 760). Доля МСБ в экономике выросла до 38,6% (+0,9 п.п.),…
Подробнее

Бизнесті мемлекеттік қолдау

2024 жылдың қорытындысы бойынша жеңілдікпен қаржыландыру шараларымен жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге жуық 26 мыңнан астам бизнес жоба қамтылды. 2025 жылы микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін субсидиялауды қарастыратын жеңілдікпен несие берудің жаңа тетігі бекітілді. Субсидияланатын кредит сомасы 200 млн теңгеден аспайды, сыйақы мөлшерлемесі – 12,3%, кредит беру мерзімі – 3 жылға дейін. Жеңілдікпен кредит беретін жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды, оның аясында кәсіпкерлер 10 жылға дейінгі мерзімге 12,6% мөлшерлемесі бойынша 7 млрд теңгеге дейін кредит ала алады. Бүгінде 392 млрд теңгеге кәсіпкерлік субъектілерінің 1 095 жобасы қаржыландырылды. «Даму» қорының базасында екі кепілдік беру қоры құрылды. ▫️1-ші кепілдік беру қоры…
Подробнее

Мемлекет үлесін төмендету және бәсекелестікті дамыту

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 922,1 млрд теңге сомасындағы 396 мемлекеттік нысан бәсекелес ортаға берілді, 69 нысан қайта ұйымдастыруға немесе таратуға жіберілді. Ірі мемлекеттік компаниялар IPO/SPO-ға шығарылды: ▫️«Қазмұнайгаз» АҚ – 153,9 млрд тенгеге, ▫️ «KEGOC» АҚ – 22,6 млрд тенгеге, ▫️ «Эйр Астана» АҚ – 10,6 млрд тенгеге. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 3 трлн теңгеден астам баланстық құны бар 400-ден аса компанияны оңтайландыруды қолдады. 2026-2030 жылдары үш кезеңді оңтайландыру жоспарлануда: ▫️1 кезең (2026) – 200-ге жуық нысан; ▫️2 кезең (2027-2028) – 100-ден астам компания; ▫️ 3-кезең (2029-2030) – 60-қа жуық компания, негізінен жылу және энергетика саласында. Басты мақсат…
Подробнее

Экономиканы демонополизациялау

  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде бұрын жеке құрылымдар бақылайтын активтер мен қаражат мемлекеттік меншікке қайтарылды. Атап айтқанда, республикалық және коммуналдық меншікке 17 АҚ мен ЖШС-нің акциялар пакеттері мен оларға қатысу үлестері, Шығыс Қазақстан облысындағы мүліктік кешен, 7 ғимарат, 162 теміржол мен құрылыс нысандары, 7 автомобиль және өзге де (2 мыңнан астам бірлік) мүліктер берілді. Бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 1 млрд теңге аударылды. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына $100 млн және 1,49 млрд теңге берілді. ➖ Демонополизация экономики По поручению Главы государства с 2022 года действует…
Подробнее

Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң қолданысқа енгізілді. Ол сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға, рәсімдердің мерзімін қысқартуға және ашықтықты арттыруға бағытталған.Сатып алуды өткізу мерзімі үш есеге 30-дан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қоғамдық мониторинг жүргізіледі, жеткізушілердің жауапкершілігі күшейтілді. «Кілтімен тапсырғанға дейін» тетігі енгізілді, қосалқы мердігерге берілетін жұмыстар көлемі 30%-ға дейін қысқартылды. Мөлшері аз сатып алуды жүзеге асыру мақсатында 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін бір көзден сатып алу шегі 3 мың АЕК-тен 4 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2019 жылдан бері…
Подробнее
Инвестициялық саясат

Инвестициялық саясат

Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ деңгейін $450 млрд-қа дейін екі есе өсіруді және кемінде $150 млрд көлемінде инвестиция тартуды мақсат етіп отыр. Осы мақсатта бизнестің біртұтас экожүйесін қалыптастыратын Инвестициялық саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңартылды. Инвестициялық штаб құрылды, ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. «Инвестицияға тапсырыс беру» қағидаты енгізілді, ол бәсекелестік артықшылықтарды ескере отырып, өңірлік және салалық ұсыныстарды жасақтайды. Басым салалардағы құны $60 млн-нан асатын инвестициялық жобалар үшін қазақстандық заңнаманың 25 жыл бойы тұрақты болатынына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісім жасасу қарастырылған. 2024 жылы осындай 6 келісім, 2025 жылы тағы 21 келісім жасалды. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға ерекше көңіл…
Подробнее
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі жетекші инвестициялық бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін сақтап қала алды. ЮНКТАД деректеріне сәйкес, 2024 жылы теңізге шыға алмайтын елдерге арнап жарияланған 5 greenfield-жобаның төртеуі Қазақстанда жүзеге асты. Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі $17,2 млрд-ты құрады, 45 жаңа жоба жүзеге асырылып, 6 200 жұмыс орны ашылды. Инвестицияның негізгі бағыттары: ▫️тау-кен өндіру өнеркәсібі – $6,5 млрд, ▫️өңдеу өнеркәсібі – $2,8 млрд, ▫️сауда – $5,3 млрд, ▫️кәсіби және ғылыми қызмет – $0,9 млрд. Аса ірі инвесторлар: Ресей ($4,1 млрд), Нидерланды ($3,8 млрд), Оңтүстік Корея ($1,2 млрд), Бельгия ($1,2 млрд) және Қытай ($1,2 млрд). 2025 жылдың бірінші…
Подробнее