Ақын – елдің ардағы
Данышпан қазақ халқы қай кезеңде де ел сөзін сөйлер ақынға кенде болған емес. Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғаларымыз көптеп саналады. Әсіресе, киелі ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанған Көкшетау – сал-серілер мекені. Ықылым заманнан бері табиғаты тамылжыған ғажайып өлкеде ән ұшып, өлең қонғандығы белгілі. Қазақ ән өнерінің биігі Біржан сал Қожағұлұлының есімін иеленген ауданның тарихы да, табиғаты да бай, биік тау, ну орман, жазық дала аралас, өзен-көлге бай өлке. Абылайдың қара жолы көлденең қиып өтетін аудан аумағында Андықожа, Аңғал батырлар, Шәймерден Қосшығұлұлы, Шәрәпи Әлжанов, Рамазан Елебаев сынды өз дәуірінің қайраткер тұлғалары туып өскен. Осындай өлең-жырдың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан…