Жамбылдық студент ерекше дрон жасап шығарды
Бүгінде инновациялық технологиялар барлық салаға енгізіліп, дамудың басты бағытына айналды. Соның бірі – дрон. Осындай техника түрін Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті, болашақ инженер Даниил Мершиев жасап шығарды. Ол бұл туындысын “Зерттеуші дрон” деп атаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ДРОН ҚАҢҚАСЫ БАМБУКТАН ЖАСАЛАДЫ Даниил құрастырған дронның басты ерекшелігі – оның жеңіл әрі экологиялық таза материалдан жасалуы. Қаңқасын құрастыруда студент бамбукты қолданды. Бұл материал құрылғының жеңіл болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оның беріктігі мен ұшу тұрақтылығын арттыруға септігін тигізеді. Бүгінде дрондар әскери саладан бастап, ауыл шаруашылығы, экологиялық зерттеулер мен қауіпсіздік салаларында кеңінен қолданылады. Мұндай өндіріспен негізінен ірі компаниялар мен ғылыми орталықтар…
