Сапасыз жөндеу жүргізілді. Не істеу керек?
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-ҚР АК) 635-бабының 1-тармағына сәйкес Сіз өз таңдауыңыз бойынша мердігерден мынадай талаптарды орындауды талап етуге құқығыңыз бар: a) ақылға қонымды мерзімде жұмыстың кемшіліктерін өтеусіз жою; b) жұмыс үшін белгіленген бағаны пропорционалды түрде азайту; c) кемшіліктерді жою нәтижесінде сіздің шығындарыңызды өтеу. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Сіз мердігерге «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-4-бабына сәйкес жазбаша шағыммен жүгінуіңіз қажет. Шағым жеке өзі тапсырылуы немесе ол туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілуі тиісшағыммен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне E-Otinish сервисі арқылы шағыммен жүгіну. Мердігер бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген…
