Күнтізбелік күндер

Қазақстан халқы Ассамблеясына — 30 жыл: Ақмола облысында мерейтойлық шаралар басталып кетті

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай Ақмола облысында қоғамдық келісім, бірлік пен этносаралық диалогты нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралар бағдарламасы дайындалды. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Қуаныш Шақшақовтың айтуынша, мерейтойды тойлау аясында «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты облыстық жоспар әзірленіп, бекітілген. Бұл жоспар 50-ден астам ірі іс-шараны, 11 «этнос мәдениеті күндерін» және 12 түрлі жобаны қамтиды. «Ерекше назар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен жетістіктеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияларға аударылады. Мұндай маңызды шаралардың бірі — «Ұрпақтар диалогы», 22 қаңтарда өтті. Бұл жиын…
Подробнее
Республика күніне орай

Республика күніне орай

​Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Қазақстанның жаңа тарихындағы ұлттық мерекенің қайта жаңғыртылуы – мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы халықтың еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналып отыр. Осыған орай қазан айының 23 жұлдызында «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Республика күніне арналған салтанатты шараға қатысып, жиналған қауымды осы қуанышты оқиғамен құттықтап, еңбек сіңіріп жүрген бірқатар ақмолалықтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. ​«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығына сәйкес Республика күні қарсаңында мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени…
Подробнее
​Ақмола облысында Президенттік орталықтың ұжымы Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді

​Ақмола облысында Президенттік орталықтың ұжымы Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді

​Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты Президенттік орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күні мен Халықаралық музыка күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. ​Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың жолдауларында бірнеше рет атап өтілген инклюзивті қоғамның дамуына ықпал ете отырып, аға буынға терең құрмет пен қолдау көрсету. ​«Біздің Орталықта әрқашан жайлылық, жылулық пен құрмет бар. Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын, өмірлік тәжірибелеріңізді бізбен бөліскеніңізге алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», - деді «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Қуандық Сандыбаев аға буын өкілдеріне арнаған сөзінде. ​Сонымен…
Подробнее
Отбасы – бақыт аясы

Отбасы – бақыт аясы

Отбасы – адамзат баласының алғаш тәрбие алатын аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ештеңемен салыстыруға болмайды. Міне, қазақтың «Отан отбасынан басталады» дейтіні де сондықтан, халықтың туып-өскен үйін қарашаңырақ деп қастерлейтіні де сондықтан. Ел Президентi мемлекет отбасынан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығы жоғары екенін ерекше атап өткен болатын. Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсi отбасы күні болып бекіген еді. Отбасы мерекесі аясында өңіріміздегі үлгі боларлық шаңырақтарға ерекше көңіл бөлінуде. Мақсат – бірлігі жарасқан отбасылардың бірлігі мен татулығын өзгелерге үлгі ету. ​Айтулы мерекеге…
Подробнее
«Отбасы – тәрбие бастауы»

«Отбасы – тәрбие бастауы»

​Мемлекет бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда Отбасы күні 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтедi. Биыл бұл дата 8 қыркүйекке сәйкес келді. «Бақытты әрі берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі. Отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ең жақын жандардың үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында қалыптасады. Ізгілік идеалдары мен қағидаларына негізделген тұлға дүниетанымы ата-ана тәрбиесінен бастау алады. Халқымыз қашанда шыққан тегіңді білуге және отбасы құндылықтарын ұлықтауға айрықша мән берген. Бүгінде бұл қасиеттер ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады», - деген болатын Мемлекет…
Подробнее
Аудан əкімі Достанбек Есжановтың Отбасы күнімен құттықтауы

Аудан əкімі Достанбек Есжановтың Отбасы күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қай кездері болсын, отбасы сүйіспеншіліктің, түсіністік пен құрметтеудің қайнар көзі, қоғамның негізі болып келеді. Біздің əрқайсымыз үшін ол өмірдегі ең басты, əрі сенімді тірегіміз, одан біз рухани қуат аламыз, өз-өзімізді танимыз. Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек. Олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» депті. Бүгінде жаһанданған қоғамда заманауи технология үстемдік құрып, интернет ресурсты ақпарат таратудың құралына айналды. Осындай үрдістердің өмірге жылдам енуінің салдарынан құндылықтар құнсыздана бастады. Осындай…
Подробнее
Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні

Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні

​2013 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен елде Отбасы күні мерекесі бекітілді, ол қыркүйек айының екінші жексенбі күні атап өтіледі. Биыл бұл күнді мерекелеу 10 қыркүйекке сəйкес келіп отыр. ​Отбасы – адам баласының өсіп-жетілетін алтын ұясы, тәлім-тәрбие алатын құтты ошағы. Жанұяның жылуын, одан берілетін мейірім-шапағатты ештеңе алмастыра алмайды. ​Ұрпақ санасына өнеге сіңірудегі отбасы рөлі қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесінен де артық. «Отан отбасынан басталады» деген нақылына-ақ қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне қаншалық мән беретінін аңғаруға болады! ​Бүгінде республикада отбасын нығайту жəне қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі жəне кешенді жұмыс жолға қойылған. Отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады.…
Подробнее
5 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

5 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

​Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күні болып бекітілді. ​Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайды. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай…
Подробнее
Ел ардағы – Ата Заң

Ел ардағы – Ата Заң

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мереке. Ата Заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығады», - деген болатын. Президентіміздің бастамасымен өткен референдумда халық ауқымды конституциялық реформаға бірауыздан қолдау көрсетті. Ата Заңға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару моделін жаңғыртуға бірден-бір негіз болды. Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы одан әрі дамыды. «Әділетті Қазақстан» дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар, тиімді әрі өркениетті мемлекет құру. Еліміздің өркендеуіне және мемлекеттік биліктің…
Подробнее