Қазақстандықтар әлеуметтік оптимизмнің жоғары деңгейін көрсетуде
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты биыл 11 шілде мен 12 тамыз аралығында халық арасында сауалнама жүргізді. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға еліміздің 17 облысынан және республикалық маңызы бар – Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысты. Әлеуметтанулық зерттеу деректеріне сәйкес, азаматтардың 75,9%-ы бүгінгі таңда елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өткен. Ең жоғары әлеуметтік оптимизм деңгейі 18–29 жас аралығындағы жастарға тән (84,6%). Жас шамасы өскен сайын елдің болашағына қатысты оптимизм біршама төмендегенімен, жеткілікті жоғары деңгейде сақталады (61 жастан жоғары респонденттер арасында – 70,6%). Ел дамуының қазіргі бағытын қала тұрғындарына (73,8%) қарағанда…
