Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды
Болонья қаласында Қазақстан үшін тарихи маңызы бар оқиға — қазақы тазының World Dog Show 2026бағдарламасына қатысуы аяқталды. Бұл көрме әлемдік кинологиядағы ең маңызды әрі беделді іс-шаралардың бірі болып саналады. 2026 жылғы 2–7 маусым аралығында халықаралық кинологиялық қауымдастықтың назары Италияға ауды. Болоньяда әлемнің әртүрлі елдерінен төрешілер, сарапшылар, өсірушілер, иелер және ұлттық кинологиялық ұйымдардың өкілдері жиналды. Қазақстан үшін бұл іс-шараның орны ерекше болды: әлемдік кинологияның басты алаңдарының бірінде 2024 жылы FCI Халықаралық кинологиялық федерациясы тарапынан алдын ала танылған ұлттық тұқым — Қазақы тазы таныстырылды. Қазақстан кинологтар одағының World Dog Show 2026 көрмесіне қатысуы тұқымды түпкілікті халықаралық тануға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі…
