Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар
Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар «Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді», - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Бүгінде Қазақстанда 124-тен астам этнос өкілдері татулық пен келісімде өмір сүреді. Олар елдің толыққанды азаматтары және мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазақстандық бірегейлікті нығайту, этносаралық шиеленістің мен қақтығыстардың алдын алу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылы этносаралық келісімді нығайтуға, қақтығыстардың алдын алуға, этномедиацияны дамытуға, мамандарды даярлауға және этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асырды. Солардың бірі – 1 наурызда «Алғыс айту» күніне орай…
