Ақмолалықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін кеңінен атап өтті
Бүгін Абылайхан алаңы нағыз достық пен бірліктің символына айналды. Ұлттық киім киген көпшілік, көкке желбіреген көк ту, жанды музыка мен күмбірлеген күй – бәрі де елдегі этностар арасындағы жарасымды өмірдің көрінісі іспетті. Бұл Көкшетаулықтар мен қала қонақтары Қазақстан халқының бірлігі күнін кең көлемде атап өткенінің дәлелі. Бұл жай ғана мереке емес. Бұл татулық пен өзара түсіністіктің, әртүрлі мәдениеттің бір арнада тоғысып, біртұтас ел бола алғанынның айғағы. Мерекеге келген әр адамның жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі байқалды. Мерекелік шара барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев барша жұртты айтулы күнмен құттықтап, бірлік пен ынтымақтың ел дамуындағы маңызына тоқталды. «Ұлттық бірлік –…