Ақмола облысында АИТВ-ның вертикалды берілуі тоқтатылды: соңғы екі жылда бірде-бір жағдай тіркелмеді
Ақмола облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу саласында оң өзгерістер байқалуда. Соңғы екі жылда облыста жүктілік, босану немесе ана сүті арқылы АИТВ-ның берілуінің бірде-бір дерегі тіркелмеген. Бұл туралы облыстық АИТВ алдын алу орталығының бас дәрігері Нұрлан Ахильбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Бас дәрігердің сөзінше, қазіргі таңда АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер уақытында дәрігерге жүгініп, ұсыныстарды орындаса, толыққанды дені сау бала дүниеге әкеле алады. Қазақстанда мұндай жағдайға барлық мүмкіндік жасалған. Мамандар жүкті әйелдерді 10–12 және 28–30 апталарда 2 рет АИТВ-ға тест тапсыруға шақырады. Бұл – «серологиялық терезе» деп аталатын кезеңге байланысты қабылданған халықаралық тәжірибе. Вирус жұққан соң ағза антиденелерді бірден шығармайды, сондықтан…
