Ақмола облысында «Газбаллон» акциясы: тұрғындарды қауіпсіздікке шақыру
Ақмола облысында «Газбаллон» акциясы: тұрғындарды қауіпсіздікке шақыру Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті республикалық «Газбаллон» акциясын өткізді. Акция барысында полиция, газ саласының мамандары және еріктілермен бірге тұрғындарға газ баллондық жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жолдары түсіндірілді. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының міндетін атқарушы басшысы Досбол Жақсыбаев мәлімдеді. Спикердің мәлімдеуінше, акция кезінде арнайы назар газ баллондық жабдықтары бар көліктерді қауіпсіз орналастыруға аударылды. Олар: басқа мақсаттағы ғимараттар, жабық автотұрақтар мен паркингтер және жер деңгейінен төмен орналасқан тұрақтар. Бұл талаптарды бұзу адамдар үшін нақты қауіп тудырады, сондықтан тексерулер күшейтілді. Акция барысында полиция рұқсатсыз қайта жабдықталған көліктерді басқарған 30 адамды әкімшілік жауапкершілікке…
