Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел еркіндігінің басты құжаты!

Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тағдыры мен болашағын айқындайтын басты құжат. Болашақ бұл — жас ұрпақ, өскелең жастар. Ал жас өрендердің туған Отанында білім алу құқығы туралы жаңа Конституция жобасында айқын көрсетілген. Жаңа Контитуция жобасының II тарауының 33-бабында әрбір Қазақстан азаматының білім алу құқығы жайында анық айтылған.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында бастауыш және орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және орта білім міндетті болып табылады» — деп Конституция жобасында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының бастауыш және орта мектеп жасындағы кез-келген бала бастауыш және орта білім алуға құқылы екендігі көрсетілген. Сонымен қоса, аталмыш баптың келесі тармақшаларында: «Қазақстан Республикасының азаматы заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негізде жоғары білім алуға құқылы. Жеке оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен жүзеге асырылады. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Барлық оқу орындарының қызметі осы стандарттарға сәйкес келуі керек.» — делінген. Бұл дегеніміз, әлеуметтік, ұлттық, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан Қазақстан Республикасын мекендеп отырған кез келген ұлт пен ұлыс өкілі толыққанды білім алуға, мектеп қабырғасын тәмамдаған соң, кәсіптік-техникалық, жоғары оқу орындарында мемлекеттік немесе жеке меншіктігіне қарамастан білім-ғылым игеріп, белгілі маман иесі атануға толық құқылы екендігін меңзейді.
Қазіргі қарыштап, күн санай датып жатқан қоғамда «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген нақыл сөздің орны бөлек. Себебі әрбір жеке тұлғаның деңгейі терең білімділігімен, ғылым саласын игеруімен өлшенеді.
Кезінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «Сиса көйлек үстіңде, тоқуменен табылған, өнер-білім бәрі де – оқуменен табылған» — деп жас ұрпақты білім мен өнерге шақырды. Ал сол оқу-білімді еркін игеруге мүмкіндік жолын ашып беріп отырған еліміздің басты заңы – Конституция екені сөзсіз!
Ата Заңымыз тұғырлы болсын! Жаңа Конституция жобасы қоғам тарапынан оң бағаланып жатыр. Құжатта жинақылық, нақтылық, айқындық байқалады. Өз басым алып-қосар артық-кемі жоқ, елдің заң шығарушы органдарымен сан мәрте талқылаудан өткен кемел құжат деп есептеймін.

Ермурат Хойчбай,
Біржан сал ауданы Әкелер кеңесінің мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться